Posted in

ЕСЕП ЖЕТПЕЙДІ

Сансыз көп. ~ «Түсіпхан» дастаны Абай ауылында кеңінен тараған, Шәкерім биік көркемдік дәрежеге көтерген софылық поэзияның үлгісінде жазылған. Дастанда Түсіпхан он төрт жерге ләкпе салдырған, төрт әйелі бар, қазынасына есеп жетпейтін атақты мырза, көпес. Т.Жұр. ~ Тағы сұлтан шықты он екі лек ләшкер алып, Ағасының жанында тұрды барып. Есеп жетпей бұларға көзін салып, Асхабтар қарап тұрды таңға қалып. “Қисса-Зарқұм”.