Posted in

ЕСЕП ЖОҚ (БОЛМАЙДЫ)

Тым көп. ~ Оның бер жағында большевиктердің Түркістанда қылып жатқан бұзықтықтарында есеп жоқ. С.Сей. ~ Кебеже, сандықтардан шыққан затта есеп жоқ. Құндыз тон, cap жаға шапан, топ–топ мата, бөріктің неше түрі. Т.Әбд. ~ Қуанғанымызда есеп жоқ. Шалғынды бәріміз құшақтай алдық. С.Сей. ~ …Бұрын, зауыттарда жүргенімізде мен ақшаны өзгелерден көбірек табушы едім… Бірақ жанның қиналуына есеп болмаушы еді… — деді. С.Сей.