Posted in

ЕСІКТЕ ЖҮРДІ

Жалшылықта жүрген д.м. ~ Ес біле есікке жүрдім; ә дегенде, құны жоқ, былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым. Ж.Айм. ~ Сырттан төнген көзді Нағима сезбей отырған пішінде; ешнәрсемен жұмысы жоқ секілденіп, ішек-қарынды аршумен отыр. Осының өзінде жаңа: «келін, мынаны арши тұршы», — деп Дәмежан ұстатып кетті бұған. Дәмежан сияқты есікте жүрген кемпір-байдың келініне жұмыс талсыра алар ма? Б.Май. ~ Осы мәжілісте Кенесары қазақ елінің бірлігін бұзады деп ру арасындағы барымтаны тыйдыру ісін әдейілеп: «Бұрын есікте жүрген құл өлсе қожасы құн төлемейтін. Құл да ел қорғауға жарайтын жан» деп өлген құлға құн төлететін еткізді. І.Ес.