Тұрмысы түзеліп, ел қатарлы болды; өсіп-өнді, жетілді. ~ Есіктегі басы төрге жететін болған соң, садақа ғып үйіңізге апарып та берер. Тамырын бассақ, қайтеді? С.Мұқ. * Бертін келген кездерде Жәукенің ол бейнеті босқа кетпей, Ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті. С.Торы. * Шіркін, өлерін білмейтін қыз екен. Есіктегі басы төрге жеткенге қуанып, өзі-ақ келетін қыз. Амалың бар ма, ақылы жоқ болғасын. С.Мұқ. * Жоқты –бар қылдым, барды – нар қылдым. Жанымдағы нөкердің бәрі ақсүйек атанды. Есіктегі басы төрге жетті. Р.Отар.
