Posted in

ЕСІЛ ЕҢБЕК

Зая кеткен, дұрыс бағаланбаған, құны төленбеген жұмыс туралы. * Он екі өрім бұзау тіс қамшының осы шаңырақтың толайым тірлігін арқалап келген есіл еңбегін ұмытқысы келді- ақ. О.Бөк. * Енді ойласа, соның бәрі бүгінде ертек сияқты, біреуге айтсаң үдірейіп бетіңе күдікпен қарайтын болды. Есіл еңбек зая кеткендей. Ә.Асқ. * Салған суы ақпай, сонау бір қайқаңға барғанда көлкіп қайта шалқыса не істемек? Онда жаз бойы ыстыққа қақталған есіл еңбектің зая кеткені де… Қ.Жұм.