Posted in

ЕСІЛ ЕР (АЗАМАТ)

Құрмет-қадірі мол, еліне еңбегі сіңген азамат туралы. * Жақындап өлер халге болды дертті, Есіл ер ала алмады бойын тартып. Шәк. * Қабағына қар қатқан, кірпігіне мұз қатқан, көк теңіздің төсінде тізе бүкпей түн қатқан, міне ер! Сондай есіл ерлер басына түскен өткінші қиындыққа көнер ме?! Ү.Жәл. * Шыққан тегі де мықты, туыстары да мықты. Ол әлі бұдан да жоғарылайды. Тек есіл азаматтың әйелі өзіне тең болмай, мысын құртып жүр. Қ.Жұм.