Posted in

ЕСІН АУДАРДЫ

Мазасын кетіріп, ақылынан адастырды. * Уақыт таңдамайды. Орай күтпейді. Кез келген сәтте тап береді де, есін аударып, есеңгіретіп кете береді. С.Нұғ. * Әйтеуір сіздің шақырып, біздің келгенімізге қарай, бабаның кәрі әруақтары жар болып, садағаң кетейіндер, басындағы дуасы алынып, ең күшті науқасының беті қайтты ғой, енді қызылды-жасылды анда-санда есін аударыңқырап тұратын үйреншіктілеу бірдеңесі бар, о да біраз әлсіреді. С.Тор.