Posted in

ЕСІН БІЛМЕЙДІ

Ақыл-есі жоқ, есінен танып қалған. * Салқын ауа талып қалғандардың жанын кіргізіп, ширата бастады, азырақ қимылдап, көздерін ашты. Сонда да әлі есін білмейді, бір нәрсе қағып кеткен тәрізді. А.Байт. * Қолынан винтовкасын жұлып алған Амантай құлағанға үңілсе, аузынан арақ исі мүңкиді. Есін білмейді. Жобасы Совдеп адамы. С.Мұқ. * Жанына барып қараса — Еркін. Жараланған, ісінген еш жері байқалмайды, бірақ былқ-сылқ етіп есін білмейді. Б.Нұрж.