Posted in

ЕСІНЕН ТАНДЫ

Ес-түсін жоғалтты, ештеңені сезбей қалды. *Абай есінен танып қалған екен. Ол не болғанын аңдай бере, өз ішінде жалғыз ғана удай ой ойлады. “Несіне тірі қалдым, өлсем етті!” – деді. М.Әу. * Әлқисса, бұлар тұра тұрсын, ендігі сөзді Қобландыдан естіңіз. Қобланды есінен танып қалып, бір уақыта есін жиып, баласын шақырып алып, айтқан сөзі … “Қобыланды”. * Іші оттай күйіп, есінен танған Тастан өзі қуып жіберген тоқалынан қайтып өш аларын білмей, жұрт алдында масқара боп, ел бетін көре алмай запыран құсып жатып алды. С.Жүн. * Ат үстінен жұлындай ұшып түсіп, есінен танып қалған Опанасты аюекең үңгірге не арқалап, не сүйрелеп әкелген — қазіргі болжамы осы. М.Қаб. * Тапайдың тал түсінде ұрлығымен колға түскен адам есінен танып қалса керек. Менің халім дәл соған ұқсас. Б.Соқп.