Ақыл-ойдан айырды. * Бай білмейтін ақыл жоқ: ол ішті кісі. Орыстың, қазақтың ұлығы байды аттап өтіп көрген емес. Бай ұлықты күтсе есінен тандырады. Ж.Айм. * Бірақ барлық ғылыми атақты мыңдаған адамды есінен тандыра қол шапалақтатқан артистің бір күнгі қуанышына айырбастар едім. Т.Ахт. * Оның келгенін аңғармады ма, әлде ашуы есінен тандырды ма, – Варвара түйенің табанындай жұдырықтарының, екеуін де түйіп, білектерінің салбыраған майлары толқынданып, бетін басқан майлары қайнатқан құрттың бетіндей бүлкілдеп Шоқанға міне түсуге таянып қалғанда. С.Мұқ.
