Posted in

ЕСІП СӨЙЛЕДІ

Мақтана, көсіле сөйледі. * Байқа, біздің тұлпарлар теуіп тастап жүрмесін, қонақ қой, ұят болар, – деп күліп қойды. Сырт жұрттың алдында өстіп есіп сөйлегенді ұнататын адам. С.Мұр. * Сол Майлық ағасы қазір де аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей, есіп сөйлеп отыр. Бірақ, обалы нешік, бұл өңірде төрт түлік малдың, көші- қон, өріс- қоныстың жағдайын дәл Майлықтай білетін адам жоқ. Қ.Жұм. * Малдасын құрып алып, қоңыр шляпасын шаңырақтай ғып төбесіне төңкерген Рахметбек шал — Сүйменқұлдың әкесі есіп сөйлеп отыр. С.См. * Бірақ, күйеуі сияқты есіп сөйлейтін алдың-дұлдың әйелмен сөз жарыстыруды Жаңыл бойына шақ көрмеді. Жуас отырып қана жуадай ащы мысқыл айтты. С.Жүніс.