Posted in

ЕСКІ КӨЗ

Көпті көріп, көңіліне тоқыған қарт адам. ~ Мыңның бірден басталатыны секілді биіктіктің де біртіндеп көтерілетін баспалдақтары болатынын есте ұстаңдар. Ескі көз болғандықтан, есімде қалған бір аңызды айтайын. Тыңдап ал: құстың ең қорғансызы бозторғай ғой. К.Қаз. ~ Оқуы аз болса да, көргені көп ескі көз ғой. Қазірде сол совхозда отырып шаруа жайын ақылдаса жүреді. Бәрі ақсақал тұтып, құрметтейді. С.Жүн.

  1. Ертеден келе жатқан жәдігер, естелік. ~ Сонау Малжан байдың үй мүлкінен қалған ескі көзі, берекелі жұртының құты – дәу тай қазан ертеден қара кешке бұрқ-тарқ қайнап, буы аспанға шығып жатқаны. С.Жүн. ~ Қарасай аз уақыт үнсіз тұрып қалды. Талай жылдан бері Малжан ағашының бауырындағы жапан түзде түтін түтеткен жалғыз үй – атадан қалған ескі көз, көне жұрт еді. С.Жүн.
  2. Ескі таныс, сырлас дос, жаран. ~ Асқармен алғаш рет «Лениншіл жаста» танысқанмын. «Жаңа құда жандарал, ескі құда пропал» демекші, жаңа таныс үйренген ескі көзден қашанда ыстық. Қ.Ысқ.