Бұрынғы құмары бас көтерді. ~ Қылшылдаған қырық пен арыстандай айбарлы елу тұрмақ, кәрілікке ауыл үй қона бастайтын алпысыңды да еңсеріп, жетпістің шабан торысына ер салғалы екі-үш жылдан асты. Бірақ соған қарамастан, серілікті әлі де тастағысы жоқ. Сұлуды көп көрген кәрі жанарға ауық-ауық мұң үйіріліп, қызға армансыз сипатқан жұмсақ арқада қалып кеткен ескі қытығы оянғанда, атқа мініп кететін аусар сері соңғы атта- ныстан түндей түнеріп көңілсіз оралып еді. Ө.Кәр.
