Posted in

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБЫЛЕТІ

Адамның әлдебір ақпаратты жадында ұстап, ұмытпау қасиеті. ~ Шынын айтсам, дәл мұндай сұлу жанарды мен бұрын көрген емеспін. Суретшімін ғой, есте сақтау қабілетім мықты, ондайға тастаймын. Ә.Асқ. ~ Жасы алпыстан асқан зейнеткер болса да есте сақтау қабілеті мықты. Мұның қандай газеттерді қалайтынына дейін біледі. С.Дос.