Posted in

ЕСТІР ҚҰЛАҚҚА ЕРСІ

Абыройсыз іс, сөлекет, оғаш әрекетке айланысты айтылады. ~ Бірнеше сағатқа созылған әңгіме үстінде шалекең жазым болып кетсе, Хамила қас қылды деп ойламаған күнде де көрер көзге, естір құлаққа тым ерсі, сөлекет сезілер еді. Ғ.Біл. ~ Бұл ақылына Әбілқайырдың құлақ асары белгілі. Бірақ, оны бір кідіртсе қарап жатқан қалмаққа бұлай төтен тиісуге ел құлағын алаңдатар бір желеу керек. Онысыз естір құлаққа ерсі қимыл бәрібір абырой тауып бермейді. Ә.Кек. ~ Байлығы тасып бара жатпаса да, ел арасында әділ билігімен, тілді, шешендігімен атағы шыққан сырбаз жан, ауыл ағасы Пахраддиннің мандайына біткен жалғыз қызын есігіндегі жалшысына өз еркімен бергелі жатқаны естір құлаққа ерсі жаңалық, тосын хабар болып тарап жатты. С.Ел.