Posted in

ЕСТІР ҚҰЛАҚҚА ЖАҒЫМДЫ

Ұнамды, естіген жанды ырза қыларлық іс, оқиға, әрекетке қатысты. ~ Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Б.Соқ. ~ Дәнештің көмегі қатты тиіп жүрді. Және мұның әзірлеген материалы сан – цифрлармен сіресіп қалмай, ауданның өткен– кеткенін толық қамтыған, сирек кездесетін цитаттармен әдіптелген, естір құлаққа жағымды, түсінікті дүние болып шығатын. Қ.Жұм.