Posted in

ЕСТІР ҚҰЛАҚҚА, КӨРЕР КӨЗГЕ ҰЯТ

Әлдебір орынсыз әрекет, ұятқа қалдырып, намысқа тиер іс туралы. ~ Құдайы көрші тұрып иттей қырқысқандарың қай құтырғандық? Естір құлақ, көрер көзге ұят та. Әйтпесе, айтпады демеңдер, жерге қағып қайта суырмасам атымды басқа қойыңдар. Тура пәре-пәрелерің шығады. М.Қаб. ~ Ер Жәнібектей баһадүрді осы уақытқа дейін ескерусіз қалдырып келгеніміз естір құлаққа да, көрер көзге де ұят. Ж.Шәк. ~ Мыналарыңыз сұмдық қой, Әбеке – ау? Осыншама күзетші неге керек болды? Тіпті көрер көз, естір құлаққа ұят емес пе? — деді шыдай алмай. Қ.Жұм