ЕТ ЖАҚЫН
Бірге туған бауыры; өте жақын қымбаты.
~ Мынандай бұрын-соңды болмаған қорлыққа төзе алмаған қыз әкесі ет жақын ағайындарымен бір түнде Сырдың ар жағындағы жаңа ашылып жатқан совхозға көшті де кетті. Д.Иса. ~ Осыны сезген ет жақын дос−жар жандар Сағынай асына алыстан барып, бір серпіліп қайтуын мақұл көрген. С.Жүн. ~ … алыстан қосылар ағайын болғанмен, ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір қисынын таппадым. О.Бөк.
