Posted in

ЕТ ЖҮРЕГІ ШОШЫДЫ (СЕСКЕНДІ, ҚАЛТЫРАДЫ, ҮЗІЛДІ)

Тұла бойы тітіркенді, үрей құшты, зәресі ұшты. * Туғалы жүген-құрық тимеген асаудай, асау азаматтың мойнына патшаның шынжыр бұғалығы түсіп, асаудай алқынып, дір-дір етіп, ет жүрегі шошып, үрейленіп тұр еді. Ж.Айм. * Үш жігіт. Бәрінің де қолында найза еді. Жанқожаның сәлеміне жауап
қайтпады. Қарақалпақ жігіттердің түксиген түріне қарап, батырдың ет жүрегі сескенейін деді. З.Шүк.

  • Бекзаттың қан тамырлары лыпылдап, тұла бойы қызып отыр. Сәл-сәл ішкен коньяктың әсері әжептәуір. Сөйтсе де көңілі салқын. Әйелдің әңгімесін естіген сайын ет жүрегі қалтырай түсе ме… Н.Дәут.