Posted in

ЕТ ҚЫЗУЫМЕН (ҚЫЗУДА, ҚЫЗУЫНАН)

Ерекше әсер, оқыс сезімнің күшімен; ойланбастан. * Күндізгі жүріс жон арқасын құрыстырып тастапты. Салт көп жүрмегендігі болар. Бағана ет қызуымен білмепті. О.Бөк. * Сол қаңыраған даладай бөлмеге қамалып қалған келіншек о дегенде ет қызуымен өз ақуалын әлі де түсіне қоймаған. Ә.Тараз. * Осы да жетер! – деп, Жолдыбай көтеріле беріп еді, жамбасының ауырып қалғанын ет қызуда білмей, тағы да жармаса түсті Шәріп. Т.Рыск. * Әйтпесе екі аяғым, қолым жоқ келейін бе?» — деп сынап хат жазып көрші, не дер екен. «Көрейін періште әйеліңді»,— деді. Ет қызуынан ба «жарайды» деппін. М.Сүн.