Жұрт қатарлы жаралған, өзгеге тән кемшіліктерден ада емес, қарапайым пенде д.м. * Шекспир сомдаған патшалар да, Әуезов бейнелеген Құнанбай да соншалық қанпезер болмаған. Ет пен сүйектен жаралған олардың күнгейі мен көлеңкесі бар. С.Дос. * Ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң, біреуге артық айтып, айғай сөйлеуің мүмкін. Н.Дәу. * Сонсын ол өтірікке, көлгірсуге қарай аяқ артар. Қуан да ет пен сүйектен жаралған жан, пенде емес пе? М.Сүн.
