Posted in

ЕТ ПІСІРІМ (ПІСІРІМДЕЙ) (УАҚЫТ, МЕРЗІМ)

Қазақи уақыт өлшемі.~ Жоңғарлар ел шетіне көп әскермен келіп қалды дегенді хабарландырып, сасқалақтап, кеңес құрып жүрген шалдар еді. Шалдар кеңесі ет пісірімге бармай–ақ тарасты. А.Байт. ~ Ет пісірім уақытқа дейін қайтпағанын еске алған адамдар жүгіріп келіп құдықтан үн-түнсіз жатқан Мейіз ананы көреді. Қ.Шабд. ~ Майдан қайтадан қызады, ұлғайып, ендігі ұрыстың салмағы осылай қарай ауа бастайды. Мен ет пісірім уақыт тынымсыз бақылап, екі жақтың тепе– тең жағдайын аңдадым. М.Мағ. ~ Қайық түбіне терейіп тағы жаттым. Көп жаттым шамасы. Ет пісірімдей уақыт өткен шығар. Көзім ілінбеді. Ж.Айм. ~ Боран үдеп салды. Бет қаратпайды. Ақтұман қапасқа айналды. Ет пісірім мезгіл жүрген соң, ат басын ірікті Садақбай. О.Бөк.