Posted in

ЕТЕГІ ДАЛАҚТАДЫ

Жан ұшырып жүгірді. ~ Олар Еламанды көре сап, анадайдан «ойбай қарағымдап» етегі далақтап жүгіріп келді. Ә.Нұрп. * Өкпелерін қолына алып жүгірісіп келе жатқан әйелдер тым-тырақай орманның ішіне қойып кетті. Етегім далақтап мен де жүгіріп келем, жүгірмегенде қайтейін. Т.Ахт. * Бір жалдан асқанда тегенедей шұңқыр ойға жабылып жатқан көп жылқыға қарай шара көз шабдар айғырға мініп, екі етегі далақтап құйғыта шауып бара жатқан манағы бейтаныс бала жігітті көрді. Ә.Кек. * Қолын сермеп, аузы дамылсыз жалпылдаған Несібелінің не деп жатқанын естіп тұрған жоқ. Шап беріп бетінен сүйіп алды да, күпәйкесінің етегі далақтап желге қарсы жүгіре жөнелді. Т.Сәу. ~ Үстіндегі түйежүн шекпеннің екі етегі далақтап, басындағы көнетоз елтірі тымағының бір құлағын ішіне жымырып алыпты. Қ.Жұм.