Ұзын, етегі аяққа оратылған сыртқы киім туралы. ~ Қара тоқалдың қолында — қаз мойынды жез құман. Иығында желең шапан, онысының етегі жерді сызып келе жатқандай. Б.Май. * Осы сәттен бастап етегі жер сызған көлдей қасқыр ішік астында бір денедей жабысып алған бұлардың қолы, аяғы бірге қалшылдап, тістері бірге сартылдап, мұрнын да үсті-үстіне бірге тартқылады. Ә.Нұрп. * Ағаштар ақ тонының етегі жер сызған аяз аталарды еске түсіріп, бір емес бірнеше ата мұртынан күліп, саған қарай асықпай аяңдап келе жатқан сияқтанды. Ә.Нұрш.
- Қалай болса солай жүрді, мардымсыды, еркінсіді. ~ Қазір бәрі трактормен, комбайнмен бірге туысқандай болып кетті ғой
деп әңгімесін аяқтады. Шынымен, інім, солай еді. Ауылға қаптап техника келген соң, шаруаның ақсақ аяғы теңелді, шолақ
қолы ұзарды, етегі жер сызды, бөркі қара қазандай болды. Б.Қыд.
