Перзент көрмеді, бала көтермеді. ~ Ханым етегі қанамаған кісі. Онсыз да өңді әйел қасына қайнағасының үйі қонып, есігінен бала-шаға кіріп-шығып жатқан соң тіпті құлпырып кетті. Ә.Кек. ~ Ертең ауызы батыр бір тентек: директорымыз ерге шыққалы етегі қанамаған тас құрсақ бедеу қатындай, ғылымға қосқан түк еңбегі жоқ, тұл ғалым”,– деп айқайлап шықса қайтеді? Ә.Нұрп.
