Posted in

ЕТЕГІМЕН КӨЛ ШАЙҚАДЫ

Үлде мен бүлдеге оранған, кербез де сылқым әйел. ~ Қайнаң көз, бұраң бөксе сан тоқал күні кеше есігінде жүрген жалшыға телінді. Етегімен көл шайқаған ақ бәйбішелер теке сасыған шолақ белсенділердің кірін жуып, төсегін жайлады. Күйелеш етек күңге айналды. Ө.Кәр. ~ Дүние кезек. Үлде мен бүлдеге бөленіп, етегімен көл шайқаған, үлпершек сорып, бал талмаған, кірлі ыдыстан тамақ ішпей, суық қолды мықынына жуытпаған, керік қабақ Шабақ та барды жер астына. Ө.Кәр. ~ Ескі көз қимасымен ойда жоқта ұшырасып қалғаны көңілін әжептәуір демеді. Аңсайтын еді біреуді. Сол болғаны ғой іздегені. Заманында етегімен көл шайқаған керім еді. Мінезді-тін және өзі. Қияпатынан жаңылмаған секілді. «Беу- беу, қайран Жұпаргүл-ай! Күнде қыз-ай!» Ө.Кәр. ~ Кеудесін шалқақ ұстағаны кербездігінен хабар бергендей. Етегімен көл шайқаған керім сондай-ақ болсын. Әттең бағы жанбады. Ө.Кәр.