Қойнына салды, қызығын көрді. ~ Жан шіркіннің тәттілігі ме, қорыққандық па, қорғансыздық па, немесе алғаш етегін ашқан
адам ыстық көрінгендік пе, әйтеуір қара мұрт «Сүй!» десе Ақбілек те оның бетіне ернін тигізіп, «Күл» десе о да езу тартқан
болып, сөйле десе, о да былдырақтап, «люблю тебе» – (сені сүйемін)-ні қағып, не деген ырқына көне береді. Ж.Айм. ~ Ол
маған шал күйеуінің соғыстан соңғы бір жыл ішінде өзіне істеген зәбірін жеткізді. Бұл ауылда Бүркітбай етегін ашпаған жас
әйел, әңі бүтін орта жастағы қатын кемде-кем көрінеді деді. Ә.Нұрш. ~ Ұлы ойлар кетті де қартайған ғасырмен, «Құдайлар»
қалды тек жасында: Жаңалық ашу жүр – тек соғыс ашу мен сұлудың етегін ашуда! Ж.Шәк. ~ Осы қазір ай бетінен сырғанап
түскен перінің қызындай қас сұлуға аңсары ауыпты. Жел ашпаған етегін ашыпты. Талықсып жатып таң алдында ұйықтап
кетіпті. Д.Дос. ~ Тағдыр бұларды осылай табыстырған. Үйлі-баранды еркектің етегін ашқанына Ақтамақ еш өкінген жоқ,
қайта өмір шіркін өзінің күн сәулесі көбірек түсетін жеріне жетелеп жеткізгендей дәл қазір адам айтқысыз қуанышқа
бөленді. Н.Дәу.
