Posted in

ЕТЕК-ЖЕҢІ МОЛ

Өрісі кең, жері байтақ. ~ Малы-жаны өскен көп ел. Есенәлінің де етек жеңі мол. Бір шалғайымен Қарақұмды
басып, бір шалғайын Қызылға жіберіп, ұзақ жайлап, алыс көшеді. З.Шүк. ~ Екі қабат үйлер үлкен көшелерінде ғана бірен-
саран кездесетін, өзге үйлерінің көбі бір қабат қана қарағай үйлер болатын, шет жақтарында ағаш үйден шым үй көп
кездесетін, азғана жаңбыр себелеп өтсе, көшелерінен адам батпақтан жүре алмайтын бірақ етек-жеңі мол, таусымақтау
жерге жалпая салынған. Сібірде көп кездесетін үлке-е-ен бір деревня еді. С.Мұқ. 6 Ал, енді мына қолқоз дегенің маған
ұнап тұр. Әйтеуір бәрің біріксеңдер, етек-жеңің мол, іргелерің берік болатынына имандай сенемін. «Көп
түкірсе көл» деген. С.Жүн.