Салмақ қосты, семірді, жүрісі ауырлады. ~ Құнанбай аға сұлтан сайланған сапарында шешесіне: – Көшкенде осыған мін! – деп, Қарқаралыдан әдейі әкеп еді. Таулы жерде атпен жүру бұл күнде Ұлжанға да қиын болатын. Ол ұлғайып, еті ауырлап қалған. М.Әу. * Бұл күнде жасы елуден асып, еті ауырлап, толыса түскен Ажар бәйбіше бір ауылдың анасындай, қолы ашық, дастарқаны мол, аса байсалды кісі еді. Қ.Жұмад.
