Posted in

ЕТІ ҚЫЗДЫ

Қарқын алды, екпінін күшейтті. ~ Еті қызып, шабыс тілеп тұрған бесті айғыр ерге мылқау ат күтушіден басқа тірі пендені қондырмайтын қиястығына басып,
тулап ала жөнелді. А.Смай.

  • Бірақ боз тұлпардың екпіні ешқандай күдікті есте сақтатар емес, еті қызған сайын сермеп келеді. Ә.Әбіш.
  1. Шабытына мінді, рухы көтерілді.
  • Сол себепті еті қызып жұмысқа кіріскен кезде қабағы жазылып, Ақсуаттың халқы ғана білетін бейнетқор, мұңсыз
    Тоқанның қалпына түседі. Т.Әбд.
  • Біраз жүрген соң еті қызған Су Құсайын ол қайғыдан да арылды. С.Жүн.