Posted in

ЕТІН (ТҮГІН) СЫРТЫНА ТЕПТІ

Тұла бойын кернеген ыза, ашу туралы. ~ Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өңі жылымады. Баяғысынша етін сыртына теуіп, көп сөздермен зекіп, ұрсып жерлеп келіп, аяғында:
— Бұдан былай аяғыңды ескі жаманшылыққа қия бассаң, менен жақсылық күтпе. … — деп, тағы біраз зәрленіп, сазарып үндемей отырды. М.Әу.

Ызбарланды, зәрін төкті, жылы шырай танытпады. ~ Жалғыз-ақ бүгін таңертең аз ғана ас құйылған екен. Соның тоғы қаша қоймады ма деген күдік бар. Одан басқа жоны жұмырланып, етін сыртына теуіп, бойдағы майдан, іштегі қыл-қыбырдан арылған кезі еді. М.Әу. ~ Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өңі жылымады. Баяғысынша етін сыртына теуіп, көп сөздермен зекіп, ұрсып жерлеп келіп, аяғында: – Бұдан былай аяғыңды ескі жаманшылыққа қия бассаң, менен жақсылық күтпе. Жақын көрсем, маңайыма жолатсам: “Түзу адам болады”, – деп жүрген шығармын. Жолдан тайған күні сен маған, мен саған жоқ”, – деп, тағы біраз зәрленіп, сазарып үндемей отырды. М.Әу. ~ “Қара болсам, өзге қараласын. Нақ сендер қараласаңдар, көріп алармын. Құдай-ақ та, мен не болсам, сен де солсың”, — деп ішінен дауласып кеткендей болды. Ұзын мұрты тікейіп, түгін сыртына теуіп алды. М.Әу.