Posted in

ЕШТЕН КЕШ ЖАҚСЫ

Жақсылықтың ерте-кеші жоқ д.м. * Ескерсем, нем бар мұнда келіп. Қалаға немесе қала маңына жабысып, жатып алар едім ғой. Уақасы жоқ ештен де кеш жақсы. Б.Соқп. * Ештен кеш жақсы дегендей. Кеш те болса ойымызға түскені қандай жақсы болды,- деп Мәрзия да құстай ұшып келеді. С.Досж. * Бірақ ештен кеш жақсы емес пе, ертеңінде екі- үш жігіт өздері тіленіп шөп шабуға, сабан маялауға кетті. К.Хамз. * Амал жоқ, ештен кеш жақсы деп, енді соңында қалар моншаға да қанағат қылады. Ә.Асқ.