Posted in

ЕШТЕҢЕДЕН ТАЙСАЛМАДЫ

Ешкімнен қорықпады, ештеңеден сескенбеді. ~ Дұрыс айтасың, балам, – деді басын изеп. – Қазақтың бір кезде ештеңеден жүрегі тайсалмаған арда да, асау да болғаны рас. Ә.Кек. ~ Сол ұлы мұратқа жол ашар жалынды да жарақты топ ештеңеден тайсалмауға тиіс еді. М.Мағ. ~ Қайта өзінің осындайда ештеңеден тайсалмай, қайсарланып кететін өжеттігіне мініп, екі бүйірін таянып алды. Ә.Нұрш.