Posted in

КЕДЕЙДІҢ (БАЙҒҰСТЫҢ) АУЗЫ АСҚА ТИСЕ, МҰРНЫ ҚАНАЙДЫ

Кедейдің соры бітпейді д.м. ~ … мынаны ішіне бастырып кеткем… Енді міне белімнен аттап… Кедейдің аузы асқа тисе, мұрны қанайды деп белімнен шойрылып. М.Әу. ~ Бұл жақтан көңілі жай тапқан Қордабай енді Ғалияға қамқорсып: — Мына жаманың қайтеді? Оған сенің сілімтірің де кеп емес пе? «Байғұстың аузы асқа тисе мұрны қанайды» дегендей, мұны түлен түртейін деген екен!—деп желіктіруге тырысты. С.Мұқ.