Posted in

КЕДЕЙДІҢ АУЫЗЫ КЕР АУЫЗ

Байғұс өз несібесінен де айрылып қалады д.м. ~ Өй, ақымақ-ау, шалдың төрт аяғы бола ма?! Иттің ғана баласы! Міне, көбігі қалқылмаған бір қазан ет басыңнан аттады да кетті. «Кедейдің ауызы – кер ауыз» деген. Өй, езуіңді… О.Әуб. ~ Өкінішті-ақ, қайтейік. «Кедейдің аузы — кер ауыз» демекші, шопан байғұстың осындай сөзі тыңдар құлаққа мөлдір күйінде жете алмай қалған соң, не сорым. К.Қаз.