Posted in

КЕЗЕКТІ ДҮНИЕ

Өмірдің аумалы-төкпелілігі хақында. ~ Кеудесіне нан пысатын қайран отты дәурен! Жүрекке салқындық тастап, көрген түстей
өте шығыпты-ау! Кезекті дүние деген осы шығар? Т.Рыс. ~ Бір кездері сойқан-сойқан солақай саясат төбемізден әңгір таяқ
ойнатты ғой. Шетелде туыс-туғанымыз, жұрат-жегжатымыз болса да “қос жүрек”, “іште тұрып, шетке байланған” болдық.
Хат алып, хат жолдасақ та от ұстағандай болдық. Құдай көрсетті ғой оған да. Кезекті дүние деген сол. Т.Рыс.