Ішінде өкпе қалды, өштенді. ~ Б а з а р б а й (қолын беріп). Араздыққа мен де құмар емеспін, сен тастасаң, мен не қылам кек сақтап? Ж.Айм. ~ Ондай ұсақ әңгімелер үшін кек сақтаудың жөні жоқ. Үйтіп жүріп біз ұлт пайдасын көздей алмаймыз. Бізге бірлік керек: бірлесіп отырып жұмыс істемесек, біз бәйге ала алмаймыз, -деді Молдаш. Б.Майл. ~ Байдың есігінде жүрген жалшылардың бәрі жақын туыстары еді. Бірақ өмір бойы іштеріне кек сақтап келгендерін тегіс жайып салды. Т.Әбд.
