Тоқмейілсіді, ішкен-жегеніне мәз болды. ~ Тыныш жатқан табиғатқа түре тиісіп, бергенін қолынан, бермегенін жолынан алып, қаусырып бара жатырмыз, кекірік атқан көп тоқтықтың бір аштығы болмас деймісің». М.Қаб. ~ Майсараның өзіне көзін, әкелгендерімен қарның тойғызған еркектер кекірік атып отырып, әзіл- қалжыңды қардай боратады. С.См. ~ Қарағымның торсық шекесі жалтырап, тәмпіш танауы жылтырап кекірік атқанын көрсем, бұ дүниенің басқа – басқасына пысқырармын ба… С.См.
