Posted in

КЕЛГЕН ІЗІМЕН КЕРІ ҚАЙТТЫ

Жолы болмады; келген жағына қайтып кетті. ~ Біреудің біреуді іздеп кеткеніне, біреудің барар жер, қайтар мезгіліне ол кезде ешкім сенбеген… Ағасының есігі ашылмаған соң, заты ағайынның есігіне тентіреп бармаған анасы түн ішінде келген ізімен кері қайтты… Қ.Ысқ. ~ Екі-үш күннің бетінде бізге жем де, шөп те, сақманшы да жоқ. Сөздің қысқасы былай: арба, әне, қызыл өгіз, міне, екеуің кешегі келген іздеріңмен кері қайтыңдар. Т.Сәу.