Posted in

КЕЛЕ ЖАТҚАННЫҢ КЕТПЕНІН, БАРА ЖАТҚАННЫҢ БАЛТАСЫН АЛЫП ҚАЛАДЫ

Кез-келген жерден пайда іздеп, біреудікін иемденіп кетуге бейім тұратын адам туралы. ~ Бірақ жүзіктің көзінен өткендей сүмбі жорғаны көргенде, Алтынбай келе жатқанның кетпенін, бара жатқанның балтасын алып қалатын әдетімен, Тоқтарға арналған жорғаны өзі иемденді. Б.Тоғ. ~ Дені мына Әскербек секілділер, бұлар келе жатқанның кетпенін, бара жатқанның балтасын беліне қыстыра кетіп, … таза пайдамен өмір сүруге дағдыланған осы күнгі «жаңа қазақтар». Қ.Жиен.