Posted in

КЕЛЕЛІ ӘҢГІМЕ (СӨЗ, ПІКІР)

Тақырыбы маңызды әңгіме, мәнді сұхбат. ~ Әртүрлі қысқа-қысқа сөз болып, құмартқан құшақ, ыстық демалыстың ішінде бірталай уақыт өткен соң, келелі әңгіме басталды. М.Әу. ~ Қалай, журналист жолдас, партия жұмысына бойың үйренді ме? – деп сұрады ол, келелі сөзге тартатынын бірден сездіріп. Б.Тоғ. ~ Зарубин бір келелі пікір айтқысы келетін сыңаймен көзін төңкеріп, маған назар аударды. С.Ом.