Түні бойы жауып, таңға жуық ашылған қардағы жаңа түскен із бойынша аң қуалау. ~ “Келте сонар” болса, ол да жақсы емес. Қар түн бойы жауып, таң атар алдында ғана тоқтаса, түлкінің ізі қысқа жортуылды ғана көрсетер еді. М.Әу. ~ Қазы аңға жиі шығатын. Ұзақ сонар, келте сонар, қан сонар деп аталатын, жаңа қар жауған, түлкі қағуға қолайлы күндерді құр жібермейді. Кейде оған да қарамайды. Итінің ізшілдігіне, жүйріктігіне сенетін. Сәтсіз деген жолы бірер қоян алып қайтады. М.Мағ. ~ Тың атпен соңынан түссең, көп ұзатпай-ақ соғып та аласың. Сондықтан бұл сонар аңшыларға таптырмайтын бірден-бір қолайлы сонар болып есептеледі. Мұны «келте сонар» деп атайды. С.Жүн. ~ Таңдағы келте сонардай мүлдем Қызығы қалды санаулы, Қыраны шүйлеп қона алмай, Бір дем көңiлi дағы жадау-ды. Б.Көш.
