Posted in

КЕМЕРІНЕН АСТЫ

Өзінің әдеткі деңгейінен асып кетті, ернеуінен асып-төгілді. ~ Аспан астына теп–тегіс көк пүліш төсеп тастағандай айнала жап–жасыл. Батыста – тасыған қазандай кемерінен асып–төгіліп Ақ Еділ жатыр. Ә.Кек. ~ …өткел– өткелді қалқытып салған арықтар мен бұлақтар да, қарсы жолыққан арбалар мен салт аттылар да, аттардың тұмсығына тиіп кете–тиіп кете жаздап, кескестей ұшқан қарлығаштар да – кемерінен асып төгіліп жатқан мол бақыттың, айтып аузың жетпес тылсым сұлулықтың көріністері секілді. Ш.Айт. ~ Қазір сан алуан түс жайнап–жарқырап, кемерінен асып–төгіліп, сиқырлана көздің жауын, жүректің дегбірін алып жатыр. Кәдімгі көз алдыңыздағы түрлі түстің салтанаты дәуірлеп дес бермей барады. Ж.Аяз.