Жанын қыспаққа алды, көрдей қысты. ~ Айдап өргізіп, иіріп жусатып күнелткен төрт түлік малына қатерлі, он екі жылда бір
айналып, көбінесе тегін кетпейтін сұм қоянды аман өткізіп, байдың баласының пейілі кеңіп, байға жарлы теңеліп,
жайлауында жадырап, өзінше өзінен бақытты жұртты білмей рақат ғұмыр өткізіп, тып-тыныш жатқанында өрттен шошынып
оянғандай бір күйге ұшырады халық… Халқын бір уыс қылды, кең дүниесін тарылтты. Жүрегіне найзадай тиді. М.Дул. ~
Әлгінде ғана кең дүниені тарылтып, маған жекіп, Сәулемен серуен құрып кете алмағанына кейіп тұрған Шойыным қақаған
алай-түлей қаһары күлімдеп көктем болып, жадырап жаз болып сала берсін. Ә.Тар. ~ Күннің нұрын жасырып, Бір көруге зар
қылды. Үрейін жұрттың қашырып, Кең дүниені тар қылды. Зындан толы көп ерлер, Қол-аяғы шынжырлы. М.Дул.
