Posted in

КЕҢ ЕТЕК

Көңілі дарқан, қолы ашық. ~ Сонымен қоса қабат ішіп-жемге сараңдық жасамай, есігін ашық ұстады. Қонақуар мырзалығына
ай қабақ аршын төстің өзі дегізген сұлулығы мен кесек мінезі үйлесіп, бәйбішеге тән кең етектігіне бола бір рулы ел оны би
қатын атандырды. Ө.Кәр. ~ Сырттан тағдырыңа қанықпын: есімдесің. Жуастық па, кең етек керсолқылық па – батыл
қимылға қырым жоқ. Т.Ораш. ~ Өзінде мүлде ұят жоқ, көзімді бақырайтып қойып, төсек ойнағын жырдай
толғайды. Мектептен кейін ұзап оқымаған ауылдың кең етек әйелі құшақ рахатынан сабақ береді. Ө.Кәр.