Posted in

КЕҢ ЕТЕК АЛДЫ

Кеңінен жайылды, тарады. ~ Бұған қарағанда, адамдарға жанама ат, лақап ат беру қытай дәстүрінде ертеде кең етек алған. Р.Кар. ~ Көбіне көп төре тұқымның дуан басынан қызмет алып, лауазымға таласуы кең етек алды. С.Ақт. ~ Алдыңғы Шығыс Түркістан Ислам Республикасы үш ай ғана өмір сүрді. Соңғы қозғалыстың көлемі кең етек алып, Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарынан тыс тұтас Шынжаң көлемін шарпыды. Ж.Шәк.