Posted in

КЕҢ КӨМЕЙ (КӨМЕЙІ КЕҢ)

Қанағаты жоқ жемқор, обыр. ~ Ел шуылын сап тыйып, өзенге үрейлене үңілді, терең арнаның ағысты айдыны әр жерінде иірім дөңгеленіп, шымыр-шымыр қайнап, жанарды жасқайды, кең көмейі тойымсыз қылқ ете қалғандай түршіктіреді. А.См. ~ Екеуіңе де айтарым сол, бұл арада жасырудың қажеті жоқ, қанша дос дегенмен ондағы адамдарда да ауыз бар және қандай ауыз, э-эх, сұрамаңдар, көмейлері кең, тым кең олардың. С.Жүн.