Posted in

КЕҢ ҚОЛТЫҚ

Кең пейіл, қолы ашық, жомарт жан; аңқылдақ, ақ көңіл, қонақжай. ~ Қайсы Арғын жетеді Аман, Көшеріме, Мен дайын
сөзді қалай десеріңе, Кең қолтық өзім теңдес кез болмаса, Алтайдың көзім толмас есеріне. “Біржан-Сара”. ~ Осынау кең
қолтық, қонақжай халықтың төл баласындай болып кеткен өзі үшін жаз айы думанға толы. Ү.Жәл. ~ Оның аздап оқығаны
бар екен. Кең қолтық елдің алаң-ашық құшағына енген соң, аңқаулығын байқап, қулыққа басқан. Қ.Тол. ~ Үйеңкі, теректері
алаң-ашықта. Бүкіл қоржа малы түс кезінде соның ішінде жатады екен. Бұл жәйт оның кең қолтықтығына қосымша салдыр-
салақтығын да байқатады. Қ.Шабд. ~ Сайын далада малын бағып, кейбірі ауылдарда егінін салып жайбарақат өмір кешкен
кең қолтық қазақтарды сусыз, шөлейт кеңістікке ит қосып қуды. Көнбегенін тұтқынға алып итжеккенге айдады. С.Досж. ~
Жасы жетпіске енді ілінген, мол пішілген, кең қолтық кемпір. Б.Мұқ.

  1. Ұзаққа шабатын жүйрік тұлпар. ~ Ақиық мұзбалақпын жерге түспес! Кең қолтық арғымақпен алқымы іспес. Он рет Орта
    жүзді орай шауып, Жүйрікпен талай-талай болдым істес. Біржан сал. 3. Мақтаншақ, дарақы, тыраш. ~ Мен бала күнімде
    естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «Енеңді ұрайын, кең қолтық , шүлдіреген тәжік, арқадан, үй төбесіне
    саламын деп, қамыс артқан» деп. Абай.