Еркін, алаңсыз, жайғасып отырып сұқбаттасты. ~ Асығат бұдан әрі сұрақ бермеді. Үйге барған соң кең отырып сөйлеспекші болып, күтіп тұрған машинаның арт жағына баласымен қатарласа отырды. І.Ес. ~ Европаға осы тұстан Терезе аш деп тағдыр қосқан. Теңіз бойын басамыз нық. Мұнда ел-елдің жалаулары Қонақ бола келеді әлі, Жасаймыз той кең отырып. А.Пуш. ~ Сөйлесе сөйлер көбі тек өтірік, Қаншама кемісімді көре тұрып. Тура би Төле бидей тіліп түсер Тура сөз кім айтады кең отырып? А.Ас.
