Ақылдасты; пікір алмасты. ~ Еліне келе сала сұрастырды,
Әркім-ақ айтып берді анық сырды. Олжайдың бас адамын жиып алып, Осы Хан өзенінде кеңес құрды. Шәк. ~ Бүгін сол Жоңғарлар ел шетіне көп әскермен келіп қалды дегенді хабарландырып, сасқалақтап, кеңес құрып жүрген шалдар еді. Ә.Кек. ~ Әлқисса, осылай жылға жуық мезгіл өтіп, жаздың жадыраған күндерінің бірінде атақты атсейіс, білгіштер жиналып, кеңес құрды. А.Өтег. ~ Осыған келгенде Сәтбек қайта жауап қатпастан өз жолдастарына қарап, шетке қарай ым қақты. Төрт банды үндемей тұрып барып, аттардың ар жағына шығып, азғана кеңес қылды. М.Әу. ~ Гүлбаһрам осыны айтып жылайды зар, Асан, Үсен екеуі кеңес қылар.
– Мұны алсақ масқарамыз шығатындай, Бұл бізге сиқы жоқ қой қатын болар. “Нұрғаз.”
